Школа-интернат, колледж КазНАИ им Т.Жургенова

Календарь
«  Июнь 2025  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
Архив записей
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Положение(қаз)

                                                                   
«АРТ – Самғау - 2013»
                                                            көркемсурет колледждерінің
жас суретшілері арасындағы
 «Қолданбалы  сәндік өнер»
 номинациясы бойынша
ІІ Халықаралық  фестиваль – 
конкурс – практикумы
                                 «Еуразия- скиф сарыны»   

«АРТ-Самғау - 2013»  - «Сәндік және қолданбалы өнер» номинациясы бойынша көркемсурет колледждерінің жас суретшілері арасында   «Еуразия - скиф сарыны»  тақырыбындағы ІІ Халықаралық фестиваль-конкурс-практикумы.
 Фестивальді мемлекет қайраткері, 1933-1937 жылдарда Қазақ ССР ағарту министрі Темірбек Жүргеновтың 115 жылға толуына орай Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының колледжі ұйымдастырады. Фестивальдің өтуіне Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі, Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру департаменті, Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт көшбасшысының Бірінші Қоры, Алматы қалалық әкімшілігі, Еуразияның жастар Конгресі,  Қазақстандағы (Ойл энд Газ Н Блок Қазақстандағы),  ЖК «IDEAL DESIGN» қолдау көрсетеді.
Фестиваль аясында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессорлары, Қазақстан Республикасының бейнелеу өнер шеберлері және шет елден келген қатысушы – жетекші профессорлармен дөңгелек үстел, фестиваль-конкурс-практикумының барлық номинациялары бойынша мастер–кластар өткізіліп, Республикалық оқу- әдістемелік бірлестігінде біліктілікті көтергені туралы сертификат беріледі.
Фестивальдің мәдени бағдарламасында – концерттер, мұражайға саяхат, қала галереялары мен Алматы және Алматы облысының тарихи жерлерімен таныстыру т.б. шаралар қарастырылған. 

1. Мақсаттары мен міндеттері
Мақсаттары:
- Бейнелеу өнеріндегі жас суретшілердің шығармашылық мүмкіндіктерін айқындау, қатысушының талаптарын қоғам алдында қанағаттандыру, өз қабілеттерін жүзеге асыруына көмектесу, өзін-өзі бағалай білуіне жағдай жасау;
- Өнер арқылы халықтар арасындағы байланысты нығайту;
- Техникалық және кәсіптік білім жүйесіндегі оқудың қажеттілігін арттыру, оқу деңгейін көтеру арқылы таныту;
- Оқыту әдісінің жетістіктерін дамыту тұрғысында  тәжірибе алмасу;
- Еңбек нарқы сұранысына сай, ұлттық құзіреттілік жүйесі негізінде оқытылған маман дайындау. 
Міндеттері:
- Қазақстан Республикасының беделін таныту;
- Патриоттық тәрбиені дамытуды кешенді шаралар арқылы жүзеге асыру;
- Азаматтық белсенділікті қалыптастыру; 
- Жас суретшілердің шығармашылық мүмкіндіктерін ашу және жетілдіру;
- Мәдениет және білім қайраткерлері, ұстаздардың шығармашылық консолидациясын жоғарылату; 
- Мәдени және ұлттық дәстүрді қолдау, дамыту;
- Басқа елдердің мәдениетімен танысу.

2. Ұйымдастыру және өткізу тәртібі
Фестиваль-конкурс-практикум аясында: 
- «Қолданбалы сәндік өнер» номинациялары бойынша колледждің жас суретшілері арасында «Еуразия – скиф сарыны» тақырыбымен өтетін «ART – Самғау - 2013» ІІ Халықаралық фестиваль-конкурс-практикумының  ашылу салтанаты;
- Фестиваль жұмыстар көрмесінің салтанатты ашылуы;
- Номинация бойынша дөңгелек үстел, шеберлік –кластар өткізу;
- Мәдени бағдарламалар: саяхат, би кеші, концерт, театрға бару;
- Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі;
- «Сәндік және қолданбалы өнер» бойынша колледждің жас суретшілері арасында «Евразия – скиф сарыны» тақырыбымен өтетін «ART – Самғау - 2013» ІІ Халықаралық фестиваль-конкурс-практикумының жабылу салтанаты.

3. Фестиваль номинациялары
Тақырыбы: «Еуразия – скиф сарыны»

Көркем тоқыма:
1.1. Матаны әшекейлеп бояу (батик, жібек матаграфиясы)
1.2. Аппликация (коллаж, құрақтарды үйлестіру)
1.3. Тоқыма (гобилен, кілем, сүлгі)
1.4. Киіз (панно, киіз қуыршақтар, киім бұйымдары, әшекейлер)
1.5. Өру (ши тоқыма, ши)

Көркем қыш:
1.1. Бедерлі (рельефная) үйлестіру (панно, кашпо т.б.)
1.2. Мүсіндік үйлестіру (кіші-гірім пластика, кәдесый)
1.3. Қышқа әшекейлеп жазу  (роспись) (панно, ыдыстар, плакетка)

Ағашты көркемдеп өңдеу:
1.1. Ою, жону (панно, қобдиша, ыдыс т.б.)
1.2     Нәзік жонылған бұйым (ойыншық, шам тұғыры, кәдесый)
1.3.    Шпондау (шахматтар, нардтар, қобдишалар және т.б.)
1.4.    Инкрустация (түрлі бұйымдар)
1.5.    Ағашты әшекейлеп өрнектеу (панно, ыдыстар, плакетка)

Металды көркемдеп өңдеу:
1.1. Құрсаулау (панно, тасты жиынтық, шам, айна т.б.)
1.2.    Чеканка (нақыштау) (зергерлік әшекейлер, панно, ыдыстар және т.б.) 
1.3.    Скань, филигрань (кәдесый, зергерлік бұйымдар, қобдиша т.б.)
1.4.    Эмаль (зергерлік әшекейлер, кәдесый т.б.)

Теріні көркемдеп өңдеу:
1.1     Бедерлеу (панно, аксессуарлар, кәдесый және т.б.)
1.2.    Коллаж (панно, әшекей т.б.)
1.3.    Өру (панно, аксессуарлар, кәдесый және т.б.)

Көркемдеп әшекейлеу:
1.1. Ағашта және басқа материалдарда көркемдеп жазу (қобдишалар, ойыншықтар, кәдесый)
1.2.   Лакты миниатюра (плакетка, қобдиша және т.б.)

Байқауға жіберілген жұмыстар фестиваль мазмұнына, тақырыпқа сай, жоғары кәсіптік деңгейде орындалған болуы қажет. 
Жұмыс көлемі А1 форматынан аспауы және жоғарыда жазылған бір ғана техникамен орындалуы шарт.
 Жұмыс жеке, триптих (3 дана) немесе көп сериялы болса да болады. Байқауға жеке авторлық , ұжымдық авторлық жұмыстар да қабылданады. Жұмыс толық аяқталған, ілуге ыңғайланып ілгіштерімен реттеліп, экспозициялық бағыты   анықталып берілуі тиіс. 
Барлық жұмыстардың  заттаңбалары (этикетка) талапқа сай болуы міндетті:
а) Автордың аты-жөні, тегі;
б) Жұмыстың атауы;
в) Орындалу техникасы;
г) Көлемі;
д) Арт жобаның жасалған жылы.

Қатысушының сауалнамасы - №1 қосымша.

4. Қазылар алқасы
Қазылар алқасы  екі кезеңнен (1-кезең – іріктеу; 2-кезең – фестиваль-конкурс-практикумының қорытындысы) тұратын фестиваль жұмыстарын бағалайды. Қазылар құрамына айтулы өнер қайраткерлері, кәсіби біліктілігі жоғары оқытушы-профессорлар, ақпараттық құрал өкілдері және келісім бойынша  әр номинациядан қатысушылардың бір өкілі жеребе тарту арқылы бекітіледі. 
Қазылар алқасы орындарды бөлуге, барлық орындарды тағайындамауға, арнайы сый тағайындауға құқылы.
Қазылар алқасының шешімі қайта қаралмайды  өзгертуге болмайды.

Бағалау критериі
- Номинация бойынша қойылған талаптың тақырып сәйкестігі және түпкі ойының ерекшелігі;  
- Автордың көркем шеберлігінің деңгейі;
- Үйлестіру жұмысының аяқталғандығы, шығармашылық жұмыстың орындалу ерекшелігі.

Байқау екі кезеңде өтеді:
- Бірінші кезең – байқау жұмыстарының фото-суреттері, жазылған аннотациясымен және  қатысушының толтырылған сауалнамасы
     бірге жіберіледі.
- Екінші кезең – іріктеу комиссиясының ұйымдастырушыларынан шақыру алған қатысушы фестивальға жұмысын және жұмысының фото суретін әкеледі.

5. Жүлделер мен марапаттаулар
Фестиваль-конкурс-практикумына  қатысушылар байқау қорытындысы бойынша дипломмен және «Гран-при», І, ІІ, ІІІ  дәрежелі лауреаттық дипломдармен, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломант дипломымен, қатысушы дипломымен марапатталады. Қатысушылар ескерткіш сыйлықтарымен, демеуші және жетекшілер фестиваль-конкурс-практикумының алғыс хаттарымен марапатталады. Фестиваль ұйымдастырушыларының арнайы жүлделері тағайындалады.
Фестиваль-конкурс-практикумының жеңімпазы «Гран-при» және лауреаттық диплом алады.
Ең үздік орта буын оқу орны лауреат санына байланысты анықталып, алғыс хат, дипломмен марапатталады.

6. Ұйымдастыру- техникалық талаптары
1. Фестивальға қатысушы өзінің өтінішін, №1 қосымшаны, 3х4 жеке суретін, 15х18 см көлемдегі шығармашылық жұмыстардың фотосуретін 2013 жылдың 15 наурызына дейін art-samgau.college@mail.ru; zura-1967@mail.ru почталарына жіберуі қажет.
2. Фестиваль-конкурс-практикумына  жұмыстар 2013 жылдың 30-шы сәуіріне дейін  қабылданады.
3. Фестиваль ұйымдастырушылар комитетінің хаттамасы негізінде қатысушының іріктеуден өткені туралы хабарлама оқушының мекен-жайына, электронды почтасына немесе оқу орнына жіберіледі.
4. Іріктеу комиссиясынан өткен қатысушы фестиваль-конкурс-практикумына шақырылады. Қатысушы өзімен жұмыстарының 15х18 см көлеміндегі фотосуреттерін әкелуге міндетті.
5. Іріктеу турынан өткен қатысушыға фестиваль-конкурс-практикумының ұйымдастыру комитететінен шақыру (вызов) 2013 жылдың 15 мамырынан бастап жіберіледі. Шақыруды алған қатысушы өзінің қатысатындығы туралы  хабарлама жіберуге міндетті.
6.  Қатысушы топ жетекшілері, арнайы келген профессор-оқытушылар сауалнама өтінішінде көрсетілген, өткізетін мастер-класс тақырыбын номинация бойынша 2013 жылдың 30 мамырына дейін жіберулері қажет.  Мастер-класс өткізуге қажетті құрал-жабдықтарын өзімен бірге әкелуге міндетті.
6. Тақырыпқа сай келмейтін, жақсы орындалған жұмыстар байқауға жіберілмей,  іріктеу комиссиясының ұсынысы бойынша қосымша көрмеге ұсынылады.

7. Қатысу шарты
Фестиваль-конкурс-практикумына І, ІІ,ІІІ курс өнер колледждерінің студенттері, жетекші профессор, оқытушылары қатыса алады. 
Фестивальдің іріктеу турына қатысу үшін ұйымдастыру шараларына қарастырылған төлем:
- Қазақстан Республикасы бойынша – 3000 тенге;
- Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, Украина, Белоруссия өкілдеріне 25 АҚШ доллары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің курсы бойынша қабылданады;
- Алыс шетелдер үшін  30 АҚШ доллары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің курсы бойынша қабылданады.

 Аудару арқылы төленетін қаржы үшін Банк реквизиттері:

ИП «IDEAL DESIGN» 
Алматы қаласы Маречека көшесі, үй 22 пәтер 43
РНН 600320234685
БИН 860831301966
Казкоммерцбанк АО АФ Алматы қ.
КБЕ 19
ИИК КZ 4492618024N5676000
БИК KZKOKZKX

Іріктеуден өткен қатысушылар үшін   төлем жарнасы:
- Қазақстан Республикасы бойынша – 20000 тенге;
- Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, Украина, Белоруссия өкілдеріне 200 АҚШ доллары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің курсы бойынша;
- Алыс шетелдер үшін  300 АҚШ доллары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің курсы бойынша.

Ұйымдастыру шығынына кіретін іс-шаралар:
- көрме залының жалға алынуы;
- көрмені ұйымдастыру, безендіру, дайындау; 
- марапаттау қоры;
- фестиваль буклеттері, жарнамалық материалдар, банерлер;
- сертификат, диплом, алғыс хаттарды баспадан шығару;
- мұражайларға, қаланың мәдени орындарына саяхат;
- қонақ үй;
- тамақтану;
- көлік тасымалы.
Ақы төлемі фестиваль-конкурс-практикумының ұйымдастыру штабына келген күні қабылданады.
Жүлделі орындарды алған жұмыстар фестиваль қорында сақталады.
Фестивальға келу-кету жол қаражатын қатысушының өзі төлейді немесе жіберуші оқу орны қаржыландырады.

8. Мерзімі және өткізілетін орны

«Сәндік және қолданбалы өнер» номинациясы бойынша көркемсурет колледждерінің жас суретшілері арасындағы  «Арт – Самғау -2013» 
ІІ Халықаралық фестиваль-конкурс-практикумы  «Еуразия - скиф сарыны»  Алматы қаласында 17.09.2013-20.09.2013 ж. аралығында өтеді. 

Келу күні  және көрмеге дайындалу 17.09.2013 ж.  
Қайту уақыты 20.09.2013 ж. (түстен кейін).


№ 1 Қосымша

ҚАЗАҚСТАН  БІЛІМ  ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ 
 Т.ЖУРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ, КОЛЛЕДЖ

     


ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ
«Сәндік және қолданбалы  өнер» номинациясы бойынша
көркемсурет  колледждер жас суретшілерінің ІІ  Халықаралық
фестиваль –конкурс –практикумы
«Еуразия – скиф  сарыны»
                    
Мекемесі___________________________________________________________
Толық мекен-жайы (қала аты, почта  индексі)______________________
______________________________________________________________________
Телефон ______________________________________________________________
Факс _________________________________________________________________
Қатысушы туралы қысқаша мәлімет ________________________________________
______________________________________________________________________ 
______________________________________________________________________

Қатысушылар тізімі (өтінішке тіркеледі)

Басшы___________________________________________

Өтініш  2013 жылдың 15 наурызына дейін қабылданады


Ұйымдастырушылар мекен- жайы:
 Қазахстан Республикасы,  Алматы қаласы,
Каблукова көшесі, 133, 
тел/факс: 395-12-48,
ұялы телефоны: 8-777-278-64-73, 8-777-273-09-93
e-mail:  art-samgau.college@mail.ru,   zura-1967@mail.ru,  kaznai-collegе.ucoz.org